"Менмендігін басу керек": психолог ажырасуға дайын тұратын әйелдер мен еркектер туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Отбасылық психолог Қазақстан телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасына қонақ болған.

Ол отбасын сақтаудағы ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі жайында айтты. 

«Отбасын құру – жауапкершілік. Жауапкершілік алу көп жағдайда жеке адамның еркіндігін шектейді. Отбасы мүддесі бірінші орында болуы қажет. Еркіндіктен компромисс маңызды. Және отбасында бақыт тапқан адамдар еркіндігін оңай шектей алады. Ерлі-зайыптылар отбасын сақтау үшін менмендігін басып, өз рахатынан бас тартқан жөн. Өйткені біз некеге тұрарда уәде беріп, жауапкершілік аламыз», - дейді психолог.