"Менсінбей тұр ма?": Қайрат Нұртас мылқау жанкүйері ұсынған киімнен бас тартып, кеудесінен қақты

Әнші жанкүйерінің өтінішінен бас тартып, қолын қақты. Костюмді алмайтынын айтты. Есесіне онымен суретке түсуге қарсы емес екенін білдірді. Тыңдарманының сөзін алмай, ол жерден дереу кетіп қалды.

Бұл жағдайға оң қабақ танытып, әншіні құптанғандар да, жерден алып жерге салғандар да бар.

Видеоға қарағанда жанкүйердің ыммен сөйлеп тұрғаны байқалады.

"Жанкүйері мылқау ма? Сөйлей алмай тұр ғой", "Қарапайым адамның киімін менсінбей тұр ма?","Жұлдыздық деген осы ғой, тәкаппарлық бой алдырыпсың", "Ала салсаң нең кетер еді, сахнаға киіп шықпайсың ғой", "Небір тыңдарман бар, оның әрбір сөзін тыңдай берсе, не болады?" - деп жазды желідегілер.