Мердігерлік ұйымдар денсаулық сақтау нысандарының жөндеу жұмыстарының мерзімін бұзғандары үшін ақшалай жауап беретін болады

Қазіргі уақытта Шымкенте 12 емдеу мекемесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста биыл барлығы 17 денсаулық сақтау нысанын жөндеу жоспарланып отыр. Оған 3,2 млрд теңге қаражат жұмсалады. Олардың қатарында - 2 перзентхана, балалар ауруханасы, балалар үйі мен қалалық емханалар бар.