Мерей Ақшалов - Азияның ең үздік боксшысы

«Жылдың ең үздік ер боксшысы» атағын қазақ Мерей Ақшалов ие болды. Ақшалов өткен жылы Азия және Әлем чемпионатында топ жарған.

«Жылдың ең үздік жас боксшысы» атағын да қазақстандық Абылайхан Жүсіпов алды. 16 жастағы қазақ боксшысы 57 келіде Шымкентте өткен Азия чемпионаты мен Киевте өткен әлем чемпионатын ұтып алған еді.

Самат Башенов WSB сериясының Азиядағы үздік боксшысы атанды. Ал Қазақстан бокс федерациясы 2013 жылдың «Азия құрлығындағы ең үздік федерация» деп танылды.


«Жылдың басты жаңалығы» қырғыз Азат Үсенәлиевке бұйырды, деп хабарлайды "Аламан".