Мерей Ақшалов үлкен спорттан кетті


Бас бапкердің айтуынша, Мерей спорттық мансабын денсаулық жағдайына байланысты аяқтаған.

Еске сала кетейік, М.Ақшалов 2013 жылы бокстан Азия чемпионы атанды, артынша Әлем чемпионы атағына да қол жеткізді. Сонымен қатар, «Астана арландары» бокс клубының бірнеше маусымында ел намысын қорғады.

М. Айтжановтың айтуынша, Мерей бағын сынаған 64 келі салмақта Ұлттық құрамаға қабылданудан үмітті үш боксшы бар.

Олар: Қазақстан чемпионы Алмасбек Әлібеков, соңғы чемпионаттың финалында жұдырықтасқан Аслан Шымбергенов және 2011 жылғы Азия чемпионы Айдар Әмірзақов.