Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы oinet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен сіздердің алдарыңызда Заманбек Қалабаевич үшін өтірік алдадым, кешіріңіздер! Мерей менің туған қызым емес, ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Біз қызды зорлықпен алған жоқпыз, екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген, «асырап беріңдер» деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді мен ол қыздың алдында, халқым менің басымды имеймін. Кетсе кете берсін. Бүгін кетіп қалды, келмесе кетсін мәңгіге. Өзінің туған әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар. Барсын! Асырадым. Өз қызымдай көрдім. Зәкеңсіз асырадым. Кетсе кете берсін, жібердім», – дейді әнші видеода.
Көзін көрсетпей түскен әйелдің шынында да Мақпал Жүнісова ма, әлде, басқа ма ол жағы белгісіз. Видеода сөйлеп тұрған әйел жылаған соң, көзім қызарып тұр, сол үшін көзімді көрсетпеймін деген. Бұл жағдай көпшілікке күмән туғызды. Дегенмен видеодағы дауыс Мақпал Жүнісованың дауысына ұқсас. Сондай-ақ видеодағы әйелдің көзінің асты тілінгеннін байқауға болады.