Атап айтқанда, "Алматы қалалық құтқару қызметінің" хабарламасына сүйенсек, Әуезов ауданында 10 наурыз түнгі 1 сағат 32 минутта үш автокөлік бір-біріне соқтығысқан. Осы "Ниссан", "Гольф" және "Ваз-2107" көліктерінің соқтығысуы салдарынан 1 адам жедел жәрдем келіп жеткенше жан тапсырып, алты адам 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Түрксіб ауданында 9 наурызда түнгі 3 сағат 54 минутта "БМВ" көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды. Оның жолаушысы ауыр жағдайда 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, Түрксіб ауданында 7 наурыз күні 14 сағат 10 минутта "Субару" көлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем қызметі келгенше оқиға орнында жан тапсырған. Сондай-ақ, 7 наурыз күні Түрксіб ауданында кешкі 20 сағат 36 минутта "Ниссан" көлігінің жүргізушісі бір әйелді қағып кеткен. Ол да оқиға орнында қаза тапқан.