Мереке күндері Астанада қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

«Астанада 16-17 желтоқсанда полиция қызметкерлері жолдарда апаттық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті күзетуді бақылауды нығайту үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді», - деп хабарлады ведомстводан.

ІІД мереке күндері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қолға алды. Полицейлер қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылыққа жол бермеу үшін жедел әрекет етеді. Ал халықтық серуен өтетін жерлерде полиция нарядтары тәулік бойы кезекшілік етеді.

Сонымен қатар, полицейлер мереке күндері жүргізушілердің тәртіп бұзушылығын қадағалайды. Апаттардың орын алуына әсер ететін Жол қозғалысы ережелерін сақтамауға басты назар аударылады. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқару, жаяу жүргіншілердің жолынан өту, жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау ережелерін бұзу және т.б. фактілердің жолын қияды.