Мереке күндері доллар 240 теңгеден аспайды

Нұрлан Құсайынов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

- Тұрғындарды еш қамсыз той толап, демалуға, мерекелерді алаңсыз атап өтуге шақырамыз. Теңгенің жаңа бағамын күтіп босқа әуре болмаңыздар. Жалпы, апта бойы доллар 240 теңгеден аз ғана ауытқып тұрды. Бұл  ең тиімді  бағам. АҚШ ақшасы қыркүйекке дейін қымбаттамайды.

Сондай-ақ, Ұлттық банк теңге еркін айналымға түскен күннен бері ақша айырбастау орындарын  бақылауды күшейтіпті. Содан кейін бір Астананың өзінде 7 пункттің валюта бағамын заңсыз көтермек болғаны анықталған. Ал теңгемен депозит ашқандарға келсек, Ұлттық банк салымшылардың шығынын толық өтеп береміз деп отыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, бағдарлама жасалған. Яғни, банкте 1 миллион теңге депозиті бар азаматтардың шоттарындағы шығын қайта есептеліп, өтемақы төленеді. 

Loading...