Мереке күндері Елордасында қылмыс азайды - Астана қалалық ІІББ

В.Козактың айтуынша, жаңа жыл қарсаңында Елордасының ІІББ-ында күн сайын түрлі қылмыстар туралы 28-30 хабарлама түсіп тұрса, 31-желтоқсан мен 2-қаңтар аралығында тіркелген қылмыстар саны 51 болды. Мәселен, 31-желтоқсанда 18, 1-қаңтарда 19, 2-қаңтарда 14 қылмыс тіркелді. Соның ішінде бір адам зорлау оқиғасы, 5 тонаушылық, 13 ұрлық, 1 адам денсаулығына қасақана зардап шектіру оқиғалары тіркелді.

"Мереке күндері күзет қызметінің жұмыс режимін күшейту нәтижесінде" полиция тарапынан көптеген қылмыстардың бетін қайтаруға мүмкіндік жасалды,- деді В.Козак. Оның айтуынша, бұл күндері қылмыстарды ашу көрсеткіші 96 процентті құраған.
Астана қалалық ІІББ бастығының орынбасары сонымен бірге мереке күндері айықтырғышқа 70 адам жеткізілгенін хабарлады. "Тәртіп сақшыларына дәрігерлік мекемеге тек аяғынан тік тұра алмай жүрістен қалғандарды ғана жеткізу туралы қатаң тапсырма берілді",- деді ол. В.Козактың айтуынша, айықтырғышқа жеткізілгендердің басым бөлігі қала тұрғындары емес, жан-жақтан келгендер.