Мереке күндері жұмыс істегендерге екі есе ақы төленеді 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Наурыз мейрамы жақындап келеді. Биыл мерекеге орай елімізде 5 күн демалыс жарияланған. Дегенмен мереке күндері де жұмыс істейтін азаматтар бар. Заңнамаға сәйкес, мереке немесе демалыс күндері еңбек еткен қызметкерлерге еңбекақы қалай төленеді?

Қазақстанда түнгі және мереке күндері істеген жұмысқа ақы төлеу тәртібі нақты көрсетілген. Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкерлер тек сағат мөлшерлемесімен шектелмей, түнгі сағаттар мен демалыс немесе мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша төлем ала алады.

Қандай жұмыстарға қосымша төлем беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Еңбек кодексінің 79-бабында жұмыс беруші жұмыс уақытын бөлек есепке алуға міндетті. Бұл:

Түнгі жұмыс төлемі

Еңбек кодексінің 110-бабына сәйкес, түнгі уақытта жұмыс істеген әрбір сағатқа қызметкерге жоғарылатылған ставка бойынша ақы төленуі керек. Бұл ставка күндізгі сағат мөлшерлемесінен кемінде бір жарым есе көп болуы тиіс.

Мереке немесе демалыс күндері қалай есептеледі?

Егер түнгі жұмыс мереке немесе демалыс күніне сәйкес келсе, төлем екі еселенген мөлшерлеме бойынша есептеледі:

Яғни түнгі жұмыс мереке немесе демалыс күндеріне сәйкес келгенде, жұмыс беруші екі түрлі төлемді бөлек есептеуге міндетті: