Мереке Қалбаева: “Тек қана қыздар” ситкомының екінші маусымында біздің қызымызды да көріп қаларсыздар.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жетінші арнаның тапсырысымен жастардың сүйікті ситкомына айналған “Тек қана қыздар” жобасы қыркүйек айында қайтадан көрермен назарына ұсынылмақ.

Бұл туралы басты рөлдегі актриса Мереке Қалбаевамен сұрап білген едік.

- Мереке екінші маусымда қанша серия болады?! Және қандай өзгерістер болады?
- Екінші маусымда 16 серия болады бұйыртса. Түсірілім басталып кетті. Ал өзгерген дүниелерге келсек жалпы бәрі ауысты деуге болады түсірілім топта. Режиссер, продюсер деген сияқты. Ал актер, актрисаларға келсек, төрт қыздың ішіндегі қалалық қыз ауысты және Жұлдызай әпкемен Михон (жатақхана күзетшісі) ауысты. Орындарына кім келгендігін алдағы уақытта көре жатарсыздар. Түсірілім негізі бір айға жоспарланған дегенменде біз 24-25 күнде аяқтап қалармыз бұйыртса.
- Сценарийді кім жазды?


- Әрине менің сүйіктім Әрсен Акиев және Бекен Әкиев, Берік Серікұлы. Осы үш азамат күн демей, түн демей барынша қызықты етіп жазып шықты. Бірінші маусымға қарағанда, екінші маусым өте қызық болайын деп тұр бұйыртса.
- Ару Арсенқызы да бұл жобада төбе көрсетеді екен? Балапандарыңызды қандай рөлге қойдыңыздар?
- Шынымды айтсам өзім жаңа білдім. Қызымыз да соңғы жағында сериалға түседі. Бұйыртса тамашалайсыздар. Күтіңіздер.