Меркель Ұлыбританияның ЕО-дан шығу мүмкін екенін айтты

Неміс үкіметі Еуро Одақтың көші-қон саясатындағы Лондонның бастамасына наразылық білдіріп отыр, деп хабарлады dw.de. 

Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияның Еуородақ құрамынан шығуы мүмкін деген ойын алғаш рет білдірді. Бұл туралы жексенбіде, 2 қарашада құзырлы органдарга сілтеме жасай отырып, Spiegel Online басылымы хабарлаған.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның ЕО-ның экономикалық дамуы оның құрамындағы әлсіз елдерден мигранттардың келуіне шектеу енгізетіні жайлы пікірі Берлинді алаңдатты.


Себебі, мұндай ұстаным Еуроодақтың еркін жүріп-тұру - басты қағидаттарының біріне қайшы келеді.