«Алдын ала болжам бойынша, бүгін таңғы 9:41-де Жамбыл облысы (Қазақстан) Меркі ауылы маңында Бішкекке бет алған көмір тиелген жүк құрамының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда Қырғызстанның төрт азаматы болған, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада. Әзірге Қазақстан мен Қырғызстан темір жол қызметтері оқиғаның мән-жайын анықтауда.