Меркідегі атысты ұйымдастырғандардың бірі қолға түсті

18 шілде күні орын алған оқиғадан Меркі жұрты әлі есін жиған жоқ. Қару асынған қанды қол қарақшы 7 адамға оқ жаудырған. Оқиға орнында бір азамат мерт болды. Екіншісі, аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Жамбылдық полицейлер 2 адамды жер жастандырып, 5 азаматты  ауыр жаралаған азаматты апта бойы іздеген.


Роза Қалдыбекова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

-Ақтоған ауылының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Меркідегі атыс-шабысқа қатысқандығын мойындады. Полицияға тапаншасын өзі әкеліп өткізді.