Меруерт Түсіпбаева: Ермаханның қылығы жүрегімді ауыртты

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Елімізде өткен сайлаудан кейін, кардиологтың көмегіне жүгінуге тура келді. Әсіресе, Ермахан замандасымның қылығы жүрегімді ауыртты. Сенгім келмеді, бір - біріне ұқсайтын қазақ көп қой?! Өзі кеше интервью беріпті, сосын сендім амалсыз. Махамбет, Бұхар жырау бабаларымызға теңеп жүрген батырларымызға не болды", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.