Меруерт Түсіпбаева: Мадинаға әділетсіз лотореясы туралы айтқанымнан кейін мені бұғаттап тастады


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Менің сүйікті сіңлім мені ватсапта мені неге бұғаттап тастады? Оның көмекшісі мені инстаграм желісіндегі парақшасында да бұғаттап тастаған екен. Кейін маған ренжіп сұхбат берді. Ал журналистер бұл жаңалықты бірден тарата жөнелді. Маған сол кезде пікір білдіруді сұраған, ал маған жауап бермедім. Ол кезде үндемеген себебім кінәлі болғанымнан емес, әр нәрсенің өз уақыты бар дегенмін. Осының барлығы сыртқа шығатынын білдім. Екеуіміздің ұрысымызға себеп - лоторея. Мен инстаграмда ешқандай да жұлдыздарға тіркелмегенмін. Лоторея, тренингтердің ұнамайтыны туралы да жазғанмын, оған толықтай құқығым бар. Бірде дайректіме бір қыз жазып, Мадинаның миллион ойнатқан лотореясының әділетсіз өткенін айтты. Шыны керек, мен қатты таң қалдым. Лохотронщиктердің қатарында оның болатынын білген жоқпын. Мен әріптестерімді екі топқа бөлемін. Мадина бірінші топта болатын (мейірімді адамдар). Мадинаға ватсабына лоторея, лохотрон туралы айтып, "Оның саған не қажеті бар?", - деп сұрағанмын (сөйлескеніміз әлі сақтаулы). Жауап келмей, бірден мені бұғаттап тастады. Карантин кезінде, әлемде кризис болып жатқанда, қасиетті Рамазан айында Мадина осы жазбамды оқиды деген ойдамын. Оның үстіне оның аты қасиетті қаланың атына тиесілі, Медина қаласына. Мені неге бұғаттап тастағанын, журналистер сұхбат беріп, мені стерва қылып, өзін не себепті мейрімді адам қылып көрсеткенін ең болмаса өз-өзіне жауап беретін шығар деген ойдамын. Мадина, сіңлім! Мен сенің биік болғаныңды қаладым. Біз ұзақ уақыттан бері танимыз бір-бірімізді. Лоторея туралы айтқанымда сені ренжіту ойымда болмады, алдын алсын деген ғана ойым болды. Кешір әрине (Жасаған жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын). Сократ менің досым, бірақ ақиқат қайда қалады? Бұның жақсылықпен аяқталмайтынын білгенмін. Халықтың өз қасиеті ,құдыреті бар және әр нәрсенің жауабы болады. Ернар ғана емес, лоторея жасағандардың бәрі жауап берсін", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.