Меруерт Түсіпбаева тағы да айды аспанға шығарды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Айды аспаннан шығарып, “ Қимай сені барамынды” трио қылып шығаратын болып келістік", - деген жазба қалдырған әнші өнердегі әріптестері Мейрамбек Беспаев және Айкерім Қалаубаевамен бірге түскен суретін жариялады. 

Көпшілік жазба астында түрлі пікірлер  қалдырған: "Жаңа ән айтсаңдар болмайды ма?", "Мейрамбектің бұл әнді зарлы қылып орындағаны ұнамады", "Хит болып бітті ғой, зачем қайта орындап", "Дұрыс-ақ жас кездерді бір еске алатын болдық" ,"Балалық щақ. Ескі бейнелер.Сағыныш. Студенттік кез. Сөнбеген үміт, орындалмаған арман. Ех, өмір сол пəк сезімдер қайда екен. Сағынышсың-ау қайта келмес"

Айта кетейік, осыған дейін Меруерт Түсіпбаеваның хит болған "Қимай сені барамын" әнін Мейрамбек Беспаев жеке өзі орындаған болатын. Енді әнді үшеуі бірге орындайтын болады. Алдағы уақатта бейнебаян түсірілуі де мүмкін.