Меруерт Түсіпбаева Жадодан кешірім сұрады

“Мен бұл жерде ешқандай да ақша өндіріп, атымды шығаруды көздеп отырған жоқпын. Кәсібім мен жеке басыма қаратыла айтылған сөздерге ренжулімін.”Шошқа” , “Фу” деп айтатындай не көрінді.Әлі де болса Түсіпбаевадан жасым кіші болғандықтан құрметтеп, жұрттың, халықтың қалауымен, сұрауы бойынша кешірім сұраймын. Бірақ, ел алдында мені кемсіте сөйлегені дұрыс емес.”,- деді сәнгер Жадыра Сахиева.

Ал, бұған дейін Жадыраның үстінен шағым түсіріп жүрген әнші Түсіпбаева сотта басқаша құбылды. Әрі өзінің айтқан сөздері үшін желі қолданушылары мен журналистерді кінәлады.

“Мен үш ұйықтасам түсіме кірмепті Жадыра Сахиевамен соттасамын деген ой. Арамыз өте жақсы болатын. Бізді бірі-бірімізге желі қолданушылары мен журналистер айдақтап, ұрыстырды. Жадыра менен кешірім сұраса мен де одан кешірім сұраймын”,-деді Түсіпбаева.


Осылайша  сәнгер мен әнші татуласты. Енді сот өз кезегінде тараптардың  мәмілеге келуіне  байланысты ашылған істі жабады.