Месси ӘЧ іріктеу кезеңіндегі төрт ойынға шеттетілді

Халықаралық футбол федерациясы  (ФИФА) "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиді алдағы ойындардан шеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ФИФА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 жастағы форварда Аргентина құрамасы үшін алдағы төрт кездесуде ойнамайды. Оған себеп, 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Чили командасымен ойын барысында Месси төрешілерге тіл тигізген. Сонымен қатар Мессиге 10,2 мың доллар айыппұл салынды. 

29 наурызда, сәрсенбіде Аргентина құрамасы Боливия құрамасымен ойында Мессидің қатысуынсыз ойнайды.