Месси "Барселонаға" оралуы мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақын күндері каталондықтардың президенті Жоан Лапорта аргентиналықпен келіссөз жүргізеді. Егер Месси ПСЖ клубымен келісімшартын ұзартпаса 2023 жылдың жазынан бастап "блаугранада" ойнауы мүмкін.

Еске салайық, Лионель Месси 2003-2021 жылдары "Барселона" сапында алаңға 520 матчта шығып, 474 гол салды. Испаниялық клубпен Ла Лиганың 10 дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасын 4 рет жеңді. Сонымен қатар, Месси Катардағы әлем чемпионатында Аргентинамен бірге алтыннан алқа тағынды.