Месси спорттық мансабындағы 500-інші голын соқты

Бұл туралы eurosport.ru хабарлайды.

Аргентиналық футболшы өзінің 500-інші голын «Валенсия» командасымен болған ойынның 63-інші минутында салды. Алайда команда 2:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Месси «Барселона» клубының ресми матчында 450 гол салса, Аргентина ұлттық құрамасы сапында 50 допты қақпаға дарытқан.