Мессиді сатып алу үшін банк тонау қажет - бапкер

Тель-авивтық "Маккаби" клубының бас бапкері Хорди Круифф израильдық клубтың "Барселона" және Аогентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу жайлы әзілдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Мессиді "Барселонадан" басқа бір клубтың жейдесін киіп жүргенін қызық болар еді. Мессиді сатып алу үшін банк тонау қажет", - деп жазады Marca Круиффтың сөзін.

Осыған дейін, "Манчестер Сити" басшылығы Месси үшін футбол тарихындағы ең рекордтық соманы ұсынғаны хабарланды. Олар Мессиді сатып алу үшін 400 миллион еуро ұсынған. Осы маусымда аргентиналық футболшы Испания чемпионатында жеті ойынға қатысып 11 гол салған.



Еске салайық, "Маккаби" Еуропа лигасының А тобында елодалық "Астананың" қарсыласы. 19 қазанда "Астана" "Маккабиді" Қазақстан астанасында қабылдайды, ал 2 қарашада елордалық команда Израильде ойнайды.