Мессидің екінші баласы дүниеге келді

Мессидің жұбайы Антонелла Рокуццо Барселона емханаларының бірінде дүниеге екінші ұлын әкелді. Жаңа туған сәбиге Бенжамин деген ат қойып та үлгеріпті.  

Айта кетейік, Месси мен Рокуццоның тұңғыш балалары Тьяго 2012 жылдың екінші қарашасында дүниеге келген, деп жазады шетелдік БАҚ.