"Роскосмос" пен "Старсем" АҚ арасындағы бірлескен келіссөздердің қорытындысы бойынша Еуропаның ғарыштық агенттігі "Метоп" ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006-жылдың 7-қазанында ұшыру жөніндегі ұсыныстармен келісті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Союз-2-1А" зымыран тасығышы 17-шілдеде ұшырылуға тиіс болатын. Алайда, ұшырылым бір тәулікке кейінге шегерілді. Осыдан екі күннен кейін техникалық проблемаларға байланысты зымыранды монтаж-сынақ корпусына қайтару туралы шешім қабылданды.
Модификацияланған "Союз-2-1А" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет ұшырылғалы отыр. "Союз-2-1А" зымыран тасығышы - жаңартылған "Союз-У" зымыраны болып табылады.
Диаметрі 410 см-лік пайдалы жүк сыятын ұлғайтылған обтекателі бар зымыранмен көлемді жүктерді тасымалдауға болады. Оның обтекателі "Союз-ФГ" зымыран тасығышындағыдан 40 см-ге артық. Мамандардың айтуынша, оның екпіндетілген қозғалтқышы "Союз-2" зымыран тасығышының жүк көтерімділік қабілетін 1200 килограмға арттыруға мүмкіндік береді. Келешекте "Союз-2" зымыран тасығышы Р-7 түріне жататын барлық зымырандарды алмастырады деп күтілуде.