Microsoft компаниясының құрылтайшысы Пол Аллен 65 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ. ria.ru сайтына сілтеме жасап.
«Компаниямыздың құрылтайшысы Пол Аллен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Ол 16 қазан күні түні ходжкиндік емес лимфомасы асқынуы салдарынан көз жұмған.
Америкалық кәсіпкер Пол Аллен 1975 жылы Билл Гейтспен бірігіп, Microsoft компаниясын құрған. Ол – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
2018 жылы Аллен 20,5 миллиард доллар байлығымен Forbes журналында 44-орын алған.