"Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі шамамен 9% құрайды, осы жылдың ішінде бұл сан сәл азаятынын біз білеміз, бірақ ол 7 - 8% деңгейінде қалады, яғни, ол Орталық және Шығыс Еуропа аймағы бойынша ең жоғары көрсеткіш. "Майкрософт" үшін бұл ең тартымды аймақ, - деді В. Торросян.
Ол Қазақстанда инсталлациялық дербес компьютерлердің өсімі шамамен жылына 25 - 30% құрап отырғанын еске салды. "Біздің пайымдауымызша, елдегі IT-рынок шығындар мен оған жұмсалған қаражат тұрғысынан жыл сайын 20%-ға өсіп отыр", - деді "Майкрософт" өкілі.
"Біз оны келесі буын өнімдеріне деген сұраныс тұрғысынан да бағалап отырмыз, ол Қазақстанды ғаламдық тұрғыда ІТ -саласына инвестициялар құю үшін оң позицияға алып шығады", - деді В. Торросян.
Сонымен бірге ол Қазақстанда қалыптасқан IT-технологиялары саласындағы мамандарға деген сұраныс пен (жылына 7 - 8 мың адам) жылына ІТ-мамандықтар бойынша 1500 адамды дайындап шығаратын Қазақстандық университеттердің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықты атап өтті. "Нарықтағы сұраныс пен білім беру жүйесінің мүмкіндіктері арасында айырмашылықтар бар, оны толтыруға қатысты бастамалар да көп, біз осы істе де өз ролімізді атқаратын боламыз", -деді В. Торросян.
Сонымен бірге, "Майкрософт"өкілі "мемлекеттік бюджеттен ІТ-нарығын дамытуға бөлінетін қаражаттың Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда төмен екендігін" атап өтті, оның мәліметінше, бұл көрсеткіш жан басына шаққанда $72, немесе, жылына $1,2 млрд құрайды.
"Ал Қазақстандағы қарақшылық деңгейінің 18-проценттік көрсеткіші жоғары сан, бірақ біз оның жыл сайын 4 пунктке төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл елге шетел инвестициясын тартуға пайдалы ағым", - деді В. Торросян.