Ол халыққа «ештеңеге сүйенбей, ұрынбай өмірді сүю» керек екенін ашық айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.
Динара Болат өз ойын желідегі парақшасында білдірген. Онда ол:
«Соңғы күні қаптаган сұрак осы болды. Оқырмандар қоймаған соң Жанат Бақыттың бірнеше тікелей эфирін тыңдап келдім.
Ой-қорытындым мынадай. Айтқандарынын ішінен екі негізді нәрсе мынау:
- Уакыт кеңістігіндегі құбылыстардың қайталану қасиеті бар
- Жаратушыңызды таныңыз деп қоймай отырғаны да былайша күнде айтылатын ақикат "Құдайшылық - жүректе"
Өз ақылы өзіне жететін адамдар ушін екі-ак қарапайым түсінік. Бірақ, миды ағызып, тым курделендіріп жіберген. Өз фильтрі жоқтарга әдеттегідей тарих, тылсым, діни топтар суйенетін түсінік, ереже құрып бермесе өз емірін дұрыс сүре алмайтындарға регрессология да жаңа дін, жаңа бағыт.
"Круто - быть обычным, и по своему личному убеждению, не предавать, не блудить, не убивать, не унывать, не создавать себе кумиров. Великий Путь - это, на самом деле, Отсутствие Пути.
Еш нәрсеге сүйенбей, ұрынбай өмірді сүйіп, адамды сыйлағанға не жетсін!», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Жанат Бақыттың елді шулатқан жазбалары күні бүгінге дейін көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр.