МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауына пилотты-навигациялық қондырғының істен шығуы себеп болған- Қорғаныс министрлігінің алдын-ала келтірген жорамалы

"Оъективті бақылау құжаттарын /борттағы жазғыш қондырғылар/ алдын-ала сараптау, экипаж мүшелерінің, экипаж командирі мен ұшуды бақылау тобының мүшелерінің магнитофонға жазылған сөздерін тыңдау арқылы әуеде болған авиациялық апатқа пилотты- навигациялық қондырғының ақаулығы себеп болған деген алдын-ала жорамал жасауға жол береді"- деді ведомствоның баспасөз қызметінде. Министрліктің ақпаратынша, "экипаж мүшелері ақтық сәтке дейін ұшақты аман алып қалуға барын салған".

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, МИГ-31 ұшағы жұма күні Қарағанды маңында жаттығу кезінде құлаған. "Жаттығу 600 метрлік биіктікте жүрген. 21 сағат 10 минутта ұшу-қону алаңынан 6980 метр қашықтықта қонуға бет алған ұшақ жерге құлады",-дейді баспасөз қызметіндегілер. Екі әскерден тұратын ұшақ экипажы мерт болды. "Құлаған ұшақтан жердегі нысандарға зиян келген жоқ, дейді аспасөз қызметіндегілер.

Апаттың себеп салдары әлі де анықталу үстінде.

Тергеу жұмыстарымен ведомствоаралық комиссия және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері айналысып жатыр. Сонымен қатар "МиГ" Ресейлік ұшақ жасау корпорациясы" Федералды мемлекеттік кәсіпорны мен "Сокол" Нижегород авиация зауытының өкілетті сарапшылары шақырылған",-деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті