Михаэль Шумахер мүгедектер арбасына таңылды


«Шумахер өзін жақсы сезінгенімен, қазір оған өте қиын, себебі ол сөйлей алмайды. Ол мүгедектер арбасында таңылды. Оның есте сақтау қабілеті нашарлаған», -деді ол.

Еске сала кетейік, Шумахер 2013 жылы желтоқсан айының соңында Францияда шаңғымен сырғанап жүріп құлаған болатын. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі зақымданған.

2014 жылдың маусым айының соңында алты жарым ай өткеннен кейін Шумахер комадан шығып, оңалту клиникасына ауыстырылғандығы хабарланған болатын.

2014 жылдың қыркүйегінен бері Шумахер өзінің үйінде.