Михаэль Шумахер өзінің отбасына 1 миллиард еуро өсиет етті


Спортшының өз отбасына өсиеті бойынша, ол қайтыс болғаннан кейін барлық дүние зайыбы Коринна Шумахердің, ұлы Миконың және қызы Джина-Марияның арасында тең бөлінеді, деп хабарлады «Актуальные новости» сайты.  

Еске сала кетейік, аңызға айналған Формула-1 шабандозы Михаэль Шумахер қазір Гренобль ауруханасы дәрігерлерінің барлық күш-жігерін жұмсауына қарамастан, ес-түссіз жатыр, әзірге әлі оянған жоқ. Дәрігерлер Михаэль Шумахердің денсаулық жағдайын ауыр,  бірақ та тұрақты деп бағалауда.