Михаэль Шумахердің беті бері қарады


  Бұл туралы оның менеджері  Сабина Ким мәлім етті.

Еске сала кетсек, Франциядағы Мерибеледе 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. 3 қаңтарда 45 жасқа толатын шабандоз содан бері Гренобль госпитальдарының бірінде, екі айдан бері ес-түссіз жатыр, деп хабарлайды «Новости».