Михаэль Шумахердің ұлы апатқа ұшырады

15 жасар жарысқа қатысушы Лаузицринг автодромында өткен жарыста сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп, көлікті басқара алмады, оның болид көлігі қиыршық тастарға тұрып қалды. Қуанышқа орай, ол еш зардап шеккен жоқ. 

Жарысқа анасының Бетч тегімен қатысқан Мик соңғы маусымдарда картинг топтамаларын өткізіп, қыркүйек айында KF-Junior класында картинг бойынша әлемнің вице-чемпионы атанған. 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Михаэль Шумахер 2013 жылдың желтоқсанында тау шаңғысын тебу кезінде алған басының ауыр жарақатынан кейін Швейцариядағы үйінде оңалту курсынан өтіп жатыр.