Morgan Stanely Technology, Media and Telecom конференциясы 30 жылдан аса уақыт бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін ол басты оқиға саналады. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск пен Google, Microsoft, PayPal және әлемдегі басқа да жетекші компаниялардың басшылары сөйледі.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Конференцияда біз ең алдымен Қазақстан туралы, инновациялардың қарқынды дамуы туралы және біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін қалай жақсартып жатқанымыз жайлы айтып өттік. Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген елдер үшін бірегей технологиялық сервистердің даму жолында үлгі бола алатынын зор сеніммен айта аламыз. Біз көптеген компаниялардың: «Біз де Kaspi.kz сияқты болғымыз келеді», - дегенін өз құлағымызбен естіп жүрміз. Бізбен бірге болғаны үшін барлық сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге мың алғыс. Біз сіздермен бірге Қазақстандағы өмір сүру деңгейін жақсарта түсеміз және елімізді инновациялардың әлемдік аренасына шығаруды жалғастыра бермекпіз!».
Конференция өтіп жатқан уақытта Михаил жетекші американдық және халықаралық инвесторлармен жеке кездесулер өткізді.
«Бұл жеке кездесулерде біз инвесторларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық жұмыс жасау ережелеріне және инновацияларға негізделген нарықтық экономика құру мақсатында өткізіп жатқан реформалары туралы айтып өттік. Көптеген инвесторлар Қазақстанға инвестиция құю мәселесін қарастыруға дайын және тұрақты заңнамаға және халықаралық инвестицияларды тарту үшін инвестициялық ахуалды жақсарта алатын реформаларға аса көңіл аударып отыр», - деп қосты Михаил Ломтадзе.