«Милан» футбол клубының жаттықтырушысы қызметтен кетті

Бұл туралы Sport Mediaset хабарлады.

Құрама Италия біріншілігінің 19-шы кезеңінде «Сассуоло» командасынан 3:4 есебімен жеңілген болатын. Оны сынға алған клуб вице-президенті Барбара Берлускони кадрлық ауыс-түйістер жасайтын кез келгенін мәлімдеді.

М.Аллегридің орнына кім келетіні әзірге белгісіз. Сарапшылардың айтуынша, бұл қызметке лайықты үміткердің бірегейі «Миланның» жастар құрамымен жұмыс істейтін Филиппо Индзаги.