Италия дипломатиялық өкілдігінің басшысы өзінің сөзінде ағымдағы жылы Миланда азық-түлік тақырыбына арналған ең үлкен көрме ұйымдастырылатындығын атап өтті. Ол қазақстандықтарды осынау биылғы әлемдік деңгейдегі аса ірі шаралардың біріне атсалысуға шақыра келе, көрме аумағында «қазақ үйі» атауымен Қазақстан павильоны жасақталатындығына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ Италия елшісі екі жылдан соң Қазақстанның Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесін аса жоғары деңгейде ұйымдастыратындығына сенімін білдірді.
Бұдан кейін ЭКСПО-2015 көрмесінің ресми әріптесі, итальяндық Gartour» туроператорының өкілдері қазақстандық туристік компаниялар үшін арнайы дайындалған ұсынымдарының тұсаукесерін өткізді. Сонымен қатар осы шара кезеңінде шетелдіктердің Италияда болу тәртібін түсіндірді.