«Миланның» экс-футболшысы Қазақстан құрамасында ойнай ма?

Александр Меркель Шығыс Қазақстан облысының Первомайский кентінде дүниеге келген. Кейін Ресейдің Ростовына көшіп, ол жақтан 6 жасында Германияға қоныс аударады. Александр «Штутгарт» клубының жастар командасында өнер көрсетіп, мамандар көзіне түседі. Сөйтіп, Италияға шақырту алды. Әйгілі «Милан» жейдесінде өнер көрсеткен Меркель кейін «Дженоа», «Удинезе» клубтарында ойнады. Соңғы аталған командада қазір де доп теуіп жүр.

А. Меркельдің өзі Ресей құрамасында ойнағысы келетінін мәлімдегеніне қарамастан ҚФФ өкілдері жас футболшымен кездесіп, оны Қазақстанның көк байрағының намысын қорғауға көндірмек. А. Меркель Қазақстанда туғандықтан оған құжат әзірлеу аса қиынға соқпасы анық.