Белгілі алпауыт Фаттах Шодиев қазақстандық студенттерді Жапониядағы техникалық оқу орындарына оқытуға мұрындық болмақшы.
«Мен тамаша бір жобаны жүзеге асырғым келеді: Қазақстан мен Жапония арасында студенттер алмасуды жолға қоймақпын. Осы істі мен үлкен құлшыныспен істер едім. Қазақстанда университет бітірген қабілетті жігіттерге екі жылға Жапонияның техникалық ЖОО-да тәжірибеден өтуге көмектескім келеді», - деді ол.
«Қазір мен сондай университеттердің бірімен осы мәселені талқылап жатырмын. Олар дайын. Бірақ, тіл мәселесі туындап отыр. Оқыту керек, өйткені, оқу не ағылшын, не жапон тілінде жүргізіледі. Бізде ағылшын тілінде еркін сөйлейтін қабілетті жігіттер баршылық. Соларды іріктеп, Жапонияға оқуға жіберіп отырамын. Бастапқыда екі, үш адамды жіберуім мүмкін. Соған сәйкес, жапондықтарды да Қазақстан экономикасының ерекшеліктерімен танысуға шақырамын», - деді ол.