«Миллион кімге бұйырады?» атты бағдарламаға қатысуға бола ма?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы islam.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Миллион кімге бұйырады» атты бағдарламаның интеллектуалды ойын екендігі мәлім. Әйтсе де, ол ойынның шариғатқа қайшы келер тұсын айтпай кетуге болмайды. Мәселен, ойынға қатысушы кісі өзінің біліктілігімен белгілі соманы ұтып алғаннан кейін, келесі сауалда шалыс басып қателессе, ұтқан ұтысын жоғалтады. Яғни, мұнда құмар ойыны бар. Неге десеңіз, алғашқысында өзінің біліктілігімен ұтып алған ақшасын, ұтамын деген үмітпен ықтималдыққа сүйеніп салып отыр. Онысы құмар ойнағанға есептелінеді. Құмар ойындары Исламда харам.

Сондықтан да, алғашқы кезеңіндегі ұтқан ұтысын – шариғи тұрғыда халал деуге болады. Ал одан әрі қарай ойынды жалғастыруы құмар ойыны санатына кіріп кететіндіктен, дінде рұқсат етілмейді. 


Бұнымен қатар, аталмыш бағдарламаға қатысу үшін алғашқы салым (взнос) салынатын болса, ол да - құмар[1].

Ендеше, діни тұрғыдан айтқанда «Миллион кімге бұйырады?» атты бағдарламаға қатыспаған жөн. 

Абдусамат Қасым