"Миллиондардың арманы, сол үшін түсірдім": Өзбекстан құрамасына жанкүйер болған қазақ блогері 1 млн-дық парақшасынан айырылып қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

1,1 миллионға жуық жазылушысы бар блогер Артур Асқарұлы Өзбекстан құрамасының голына түсірген эмоциялық кадры үшін блокқа түсіп, инстаграм парақшасынан айырылғанын хабарлады.

Блогердің айтуынша, ФИФА тарапынан енгізілген қатаң медиа ережелерді бұзғаны үшін оның видеосына ескерту беріліп, кейін бан қойылған.

«Мен әр сәтті түсіріп, сіздерге атмосфераны жеткізгім келген еді. Бұл - миллиондардың арманы екенін түсінемін. Бірақ алғашқы күннің өзінде-ақ мен үшін бұл мереке тоқтап қалды», - дейді блогер.

Қазір ол жағдайды қалпына келтіру үшін барлық мүмкін қадамдардың жасалып жатқанын айтып, командасының парақшаны қайтаруға жұмыс істеп жатқанын жеткізді.