Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ақырыс Сейтқазы өз пікірін желідегі парақшасында білдірді.
"Жанын салып жүгірді. Ясминаның алтынын тартып алып, Нұрбек өзбектен тағы жеңіліп, оның үстіне Алматыда жер сілкініп, бүгіндікке бір еңсеміз көтерілмей қойып еді. Нұрғисаның (ауыр атлетика) әлем рекордын жаңарта алмай, алтыннан қағылғаны тағы бар...
Бірақ Аделина Земстың күмісі жігерлендіріп тастады. Иә, алтын емес, күміс. Бірақ қандай күміс?! 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден мәреге екінші болып келді. Алдағы қарсыластарын басып озды.
Жарайсың, Аделина! Бұл жүлдеге лайықсың! Мінезі де, рухы да мықты қыз!", - деп жазды ол.