Министр болып жүргенде өзімді жайсыз сезіндім – Зейнолла Кәкімжанов

Ол «Караван» газетінің тілшісіне берген сұхбатында министр болып жүргенде өзін жайсыз сезінгенін айтты.

«Өйткені іс-әрекетімнің бәрі шектеулі болды. Бірнеше сағатқа созылатын жиналыстарға баруға мәжбүр болдым. Уақытымның 75 пайызы бюрократиялық, түк те керек емес іс-әрекеттерге зая кетті» дейді З.Кәкімжанов.

Енді ол бүгінгі еркіндігіне қуанады екен. Қатып қалған қызметтен басағалы бері ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысып жүр.

- Ауыл шаруашылығына қатысты үш жобам бар. Соның айналасында он шақты ауыл тіршілік етіп отыр.

- Ол қандай жобалар? Екеуін Фейсбуктен біліп алдық. Олар – Шар (туған қаласы – ред.) түбіндегі мал шаруашылығы және Алматы облысындағы жүзім алқабы.

- Жоқ, онда жүзім ғана өсірілмейді. Тағы бір шағын ферма бар. Сосын Алматы іргесінде тағы өсімдік өсіреміз.


- Жылқы фермасы да бар ма?

- Шағын ғана ет және сүт фермасы.

- Ферма... Мен жылқы фермасы деп естіп қалыппын. Асыл тұқымды сәйгүліктерге сіз де қызығасыз ба дегенім ғой.

- Асыл тұқымды бір үйір жылқым бар.

- Шар жақта ма?

- Иә, шығыс жақта. Бірақ ең негізгісі, өзім ауыл шаруашылығында жұмыс жүргізген 10 жылда әкемнің туған ауылы толық қалпына келді.

- Ол ауыл қалай аталады?

- Шалабай...

Айта кетейік, кезінде Зенолла Кәкімжанов мемлекеттік кіріс министрі (1999-2002), қаржы министрі (2002-2003) болды, басқа да мемлекеттік қызметтер атқарды. Қазір Altay Asset Management компаниясының басшысы.