Алайда шенеуніктердің өтірігі тәулік өтпей әшкереленіп отыр. Бас құтқарушы Владимир Божконың командасы шынайы жағдайды неліктен жасырғаны белгісіз. Өзі болса, Астанада жүр. Оқиға орнына баруды да жөн деп таппаған секілді. Ал министрдің осындай жауапсыздығының кесірінен жүздеген адам ажал құшуы әбден мүмкін еді.