Министр Дәурен Абаев ақпарат саласындағы жаңа заң жобасын бейнеүндеу арқылы түсіндірді

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жаңа заң жобасының кейбір нормаларын фейсбукте түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Қымбатты достар, уәде етілгендей, ақпарат және коммуникациялар саласына қатысты заң жобасындағы өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған видео назарларыңызға ұсынылып отыр. Бұл видеода мен жобадағы ең көп талқыланған нормаларға тоқталдым, деп жазды министр өз парақшасында.