Басылым мәліметіне сәйкес, Л.Фабиус жоспарланып отырған туристік салықты арттырудан бас тарту қажет дейді, өйткені ол қауіпті және жұмыс орындарын құруда маңызды рөл атқаратын туризмнің дамуына толық қарама-қайшы.
Бұған дейін социалистік партия заңға өзгеріс енгізуді ұсынған. Оған сәйкес туристерден қонақүйлерде тұрғаны үшін бір түнге 1,5 еуродан 8 еуроға қымбаттату көзделген. Парламент мүшелері Парижде тоқтайтын туристерден алынатын бір түн үшін 2 еуро көлеміндегі қосымша салықты жақтап дауыс беріп қойған.