Елбасыға есеп беруге келген еліміздің бас агрономы кездесуге тыңғылықты әзірленіп келген. Тіпті жеткен жетістіктерін қағазға қарамай жатқа соқты. Бұл еңбегін ескерсе керек, Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министріне ешқандай ескерту жасамады. Тек көктемгі егіс жұмыстарына әзірлікті күшейтіп шаруаларды тұқым мен жанармайдан тарықтырмауға тапсырма берді.