Министр Қазақстандағы телефон кодының өзгеру себебін түсіндірді


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ешкім ештеңе алмайды, өз ұстанымымды бірнеше рет айттым. +7 кодын бірнеше елмен бөлісеміз. Қазақстанның өз коды болуы керек деген ұсыныс тастадым. Бұл ешқандай геосаяси жағдайға байланысты емес, бұл министрлікке алғаш келген кездегі, 2020 жылғы ұстанымым болды. Содан кейін +7 аймағында екеніміз белгілі болды. Сондықтан халықаралық телекоммуникация одағы бізге жеке, яғни қазақстандық код беруіне бастамашы болдым. Ол берілді, белгілі бір жұмыстар жүргіздік және жыл соңына дейін анық-қанығы жарияланады", - деді министр.