Министр қазақстандықтардың балықты аз жейтінін айтып қапаланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан балықты аз тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 миллион тоннадан асып түсуі мүмкін", – деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанның балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құраған. Оның құрылымы мынадай: балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мыңға тоннаға жуық, экспорт – 30 мың тонна, ал импорт – 43,5 мың тонна.

"Қазақстан мұхит балықтары мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар – майшабақ, скумбрия, мидия және тағы басқалар. Импорт Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық жағалауы елдеріне тиесілі. Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын таяу және алыс шетелдің 36 еліне шамамен 60 миллион АҚШ доллары сомасына 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды", – деді ведомство басшысы.