Бұл туралы Аймақтық даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Әкімдіктер берген мәліметке сүйенсек, тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы оны тұрғызуға кететін шығынға сай емес (...). Министрлік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді әзірлеп қойды. Онда 4-санаттағы үйлердің бір шаршы метрінің бағасын 80 мың теңгеден 90 мыңға, 3-санаттағы үйлердің бағасын 90 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеру қарастырылған. Құрылыс корпорациясы бойынша – 110 мыңнан 115 мыңға, 4-санат бойынша – 120-125 мыңға, 3-ші санат бойынша – 120-215 мың теңгеге қымбаттту көзделіп отыр», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.