Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз Салық кодексінің аясында салық жүктемесіндегі қай элементтерді төмендетуге болатынын ойластырамыз. Әзірше біз зейнетақы жүйесіндегі, мединицалық қызмет көрсету, яғни, әлеуметтік салықты төмендетуді туралы ойлап отырмыз. Мүмкін әлеуметтік салықты төмендетеміз", - деді министр үкімет сағаты барысында. Оның айтуынша, медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты осы мәселе көтеріліп отыр.